ДҮБІРЛІ ДОЙБЫ ДОДАСЫ

151

0

ДҮБІРЛІ ДОЙБЫ ДОДАСЫ

Қызылорда қаласының құрылыс
және бизнес колледжінің спорт залында дойбыдан облыстық жекелей ерлер мен
әйелдер арасында біріншілік болып өтті. Облыстық дойбы федерациясы жарысты
белгілі саясаткер, журналист Сағат Жүсіптің 70 жасқа толған мерейтойына арнады.
С.Жүсіп дойбы өнеріне мол үлес қосқан азамат. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары екі
мәрте республика чемпионы, екі рет КСРО финалының қатысушысы болған ол ел
құрамасының мүшесі атанып, облысымызда алғашқы спорт шебері атағын алған.

С.Жүсіптің дойбы тақырыбына
жазған қазақша екі кітабы «Дойбы мектебі”, «64 шаршыдағы халықаралық дойбы”
шығармалары көпке белгілі. Жарысқа облысымыздың бес ауданы мен Қызылорда қаласынан
20 ер, 14 әйел дойбышы қатысып, облыс чемпионы деген атақты сарапқа салды.
Алғашқы турдан бастап спорт шеберлігіне үміткерлер Ертай Абимолда мен Руслан
Рахманбердиев топ бастады.

Швейцарлық жүйесіндегі
микро-матчтық әдіспен, халықаралық ережемен өткен жарыста қазалылық Асқар
Сәрсенбай 18 мүмкіндіктен 15 ұпай жинап І орынды, 14 ұпай жинаған
Р.Рахманбердиев екінші, 13 ұпаймен аралдық жас дойбышы Дүйсенбай Дәулет ІІІ
орынды иемденді.

Бұл жарысқа қатысқан
тереңөзектік мектеп оқушысы Ақерке Ертілеуова 12-ұпай жинап ІV орынға шығып бо­лашағынан
мол үміт күтетін ойыншы еке­нін көрсетті. Әйелдер арасындағы бә­секеде жас қыз
айқын басымдық танытты.

Мерейтой иесі жарыстың
ұйымдастырушы және жоғары деңгейде өтуіне белсене үлес қосып қана қоймай
жарысқа төрешілік етіп және жеңімпаздар мен жүлдегерлерге өз атынан сыйлықтар
тапсырды.

Жарыс жеңімпаздары 1-12
маусым аралығында Алматы облысының Қаскелең қаласында өтетін респуб­ли­калық
біріншілікке қатысуға мүмкіндік алды.

 

Сермағамбет Темірбай,

жарыс төрешісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз