«FudNet» спорт түрінен жарыс өткізді

122

0

Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас құрылысшылар» еңбек жасағының облыстық штабы өңірімізде алғаш рет жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 21 қазан күні жастар ресурстық орталығының арнайы спорттық алаңында «FudNet» спорт түрінен жарыс өткізді.
Жарысқа кәсіпорындар мен оқу орындарынан 16-29жас аралығындағы 4 қатысушыдан құралған командалар қатысты. Жарысқа 70-ке жуық қатысушы мен 100 –ге жуық көрермен қатысты.
«FudNet» – аса сақтықпен қырағылықты, командаластардың бір – бірімен доп алмасудағы ұқыптылықты қажет ететін спорт түрі болып табылады.
Жарысқа әлеуметтік желі пайдаланушылары, жастар ұйымдарымен, жас құрылысшылап еңбек жасағының сарбаздары жастар саясаты мәселелері басқармасының қызыметкерлері қатысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз