
«Мен дайынмын! #GGGДжейкобс #ертең #HBOPPV #MSG»,-деп жазды Головкин инстаграмдағы парақшасында. Ол сонымен қатар Джейкобспен болған көзқарастар қақтығысы кезіндегі суретті де қоса орналастырған.
Головкин-Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Астаналық уақытпен алғанда кездесу 19 наурыз күні 09 сағат 40 минутта басталады.