
Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық аймағынан кикбоксшылар келді. Олардың қатарында Әлем чемпиондары оңтүстікқазақстандық Н.Төлегенов, атыраулық А.Дюсупов, павлодарлық С.Жақыпов, шығысқазақстандық Б.Құдайбергенов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері шымкенттік Б.Артықбаев, Әлем кубогының күміс жүлдегерлері қызылордалықтар Б.Кенжеғұлов пен Ж.Әбшекеновтер бар.
Жарыс кикбоксингтің фулл-контакт, К-1 жүйелері бойынша 31 салмақта өтеді. Ерлер арасында 24 салмақта (фулл-контакт, К-1), әйелдер арасында 7 салмақта (фулл-контакт) өтеді. Осы жарыстан чемпион атанған спортшыға ҚР спорт шебері атағы беріледі.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің диплом, кубок, медальдарымен марапатталады.
Жарыстың бас төрешісі – павлодарлық Талат Мұхитов.
Нұрбек САҒАТҰЛЫ.