ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БАСТЫ ФАВОРИТІ

49

0

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БАСТЫ ФАВОРИТІ

Сонымен ағайын көптен күткен
дүбірлі доп додасы да жақындап қалды. Түн ұйқымызды төрт бөлетін, төрт жылда
бір келетін осынау тамаша теңбіл доп ойынында қай құраманың бағы жанады деп
ойлайсыз? Әрине, басым көпшілік алаң қожайындары саналатын Бразилияны фаворит
деп санайды. Бірақ Германия, Испания, Аргентина, Голландия, Англия, Италия,
Франция және т.б құрамалар бұл пікірмен келіспейді. Әлем чемпионатына осал
командалар қатыспайтыны белгілі. Бельгия, Швейцария, Колумбия, Хорватия құрамалары
да, өздерінің әдемі ойын өрнегімен ерекшеленеді. Уругвай, Португалия
құрамаларын айтпасаң да сезесің. Көршіміз Ресейде алысқа баруды көздейді.
Алжир, Камерун, Нигерия, Кот-д’Ивуар, Гана сияқты Африканың жұлдыздары да,
белдерін бекем буып отыр. Азиядан Оңтүстік Корея, Иран, Жапония тағы бар.
Австралия да жеке өзі бір құрлықтан келген жайы бар. Мексика, Эквадор,
Гондурас, Коста-Рика, Чили, АҚШ сияқты Оңтүстік және Солтүстік Америкадан
келген теңбіл доп шеберлері тағы бар. Еуропадан Босния мен Грекия құрамалары да
осалдар қатарына жатпайды.

Ал сіз кімді фаворит деп
ойлайсыз?

Нұрбек Сағадат.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз