Мордовия» командасымен кездесті

64

0

Мордовия» командасымен кездесті«Қызылорданың «Қайсар» командасының Түркияда жаңа маусымға дайындық жасап жүргеніне он күннің шамасы болып қалды. Аталмыш екінші оқу-жаттығу жиынында жерлестеріміз бірқатар клубтармен жолдастық кездесу өткізіп үлгерді. 

Жерлестеріміз 11 қаңтарда Ресейдің Саранск қаласының «Мордовия» командасымен жасыл алаңға шықты. Аталмыш кездесудің тағдырын жалғыз доп шешті. Оны ресейлік ұжым сапынан 58 минөтте Александр Строков соқты. Бұл біздің команданың аталған оқу-жаттығу жиынындағы екінші жолдастық кездесу болып табылады. Олар бұдан Түркияның  «Карагумрук» командасын 5:1 есебімен тас-талқан етіп жеңген еді.
 «Мордовия» 1961 жылы құрылған. 2012-2013 жылғы Ресей біріншілігінде Премьер-лигада ойын көрсетіп, турнир кестесінде 15-орынды місе тұтты. Соның салдарынан олар биылғы маусымда бірінші лигада бақ сынап жүр. Қысқы үзіліске дейін «Мордовия» 24 ойыннан кейін 55 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орында келеді.  Оқу-жаттығу жиынында «Қайсардың» екі жолдастық кездесуі қалды. Қызылордалықтар енді, бүгін 14 қаңтарда Бразилияның «Моги Мирим», 18 қаңтарда Ресейдің Нижний Новгород қаласының «Волгасымен» ойнайды. Екінші оқу-жаттығу жиыны 19 қаңтарға дейін созылады.
Әділ ТАЛАП.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз