ШАРШЫ АЛАҢДАҒЫ САЙЫС

56

0

Облыс орталығында орын тепкен Жалаңтөс баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің оқушылары арасында бокстан облыс біріншілігі аяқталды. Облыс біріншілігінде Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен барлық аудандардан 108 спортшы бақ сынады. 
1997-1998 жылдары өмірге келген жасөспірімдер арасындағы төрт күнге созылған жекпе-жектер қорытындысы бойынша 14 салмақ дәрежесінде жеңімпаз және жүлдегер командалар анықталды. №1 Қызылорда облысының олимпиадалық резерв мектебі 8 медальға (6 алтын, 1 күміс, 1 қола) қол жеткізіп, бірінші орынды иеленді. Екінші орынды №17 Қазалы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 7 медаль (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) алса,  үшінші орын №15 Қармақшы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне бұйырды. 
Жарыстың бас төрешісі Сәбит Сейілов «Бұл облыс біріншілігі облыста бокс спортының дамуына, жасөспірімдердің шеберлігін шыңдауға септігін тигізеді.  Былтырғыға қарағанда жасөспірімдердің жарысқа қатысу қарқыны жоғары. Біріншіліктің қорытындысы бойынша маусым айында екі жылда бір рет өтетін ҚР мектеп және колледж оқушылары арасында Спартакиадаға қатысатын Қызылорда облысының құрама командасы жасақталды» дейді.
Әділ ТАЛАП. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз