ШАЙБАЛЫ ХOККЕЙДЕН ШЕБЕРЛІГІН ШЫҢДАЙДЫ

57

0

Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде шайбалы хоккейден бөлімше ашылды. Оған жаңа бапкер тағайындалды. 
Ендігі кезекте жергілікті жасөспірімдерге хоккейдің қыр-сырын білікті бапкер Талғат Әкімжанов үйретеді. Шығыс Қазақстан облысының тумасы 2006-2008 жылдары Алматы қаласының «Достық», 2009-2011 жылдары Астана қаласының «Барыс», 2011-2013 жылдары Ақтау қаласының «Каспий»  және «Мұнайшы»  хоккей клубтарында аға  жаттықтырушы қызметтерін атқарған. Ол шайбалы хоккейден ҚР спорт шебері, 1989 жылы жасөспірімдер арасында КСРО чемпионы болған. Сондай-ақ, 1991 жылы жасөспірімдер арасында ТМД елдерінің чемпионы, 1992-1994 жылдарда Өскемен қаласының «Торпедо-2», 1999-2004 жылдарда. Астана қаласының «Барыс» шебер командасында ойын көрсеткен. Ересектер арасында Қазақстан чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері болған.
Әділ ТАЛАП.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз