Теміржолшы атындағы турнир

163

0

Теміржолшы атындағы турнирҚызылорда жол бөлімшесінің директоры және «Нұр Отан» партиясының
«Теміржол» филиалы төрағасы Аманкелді Арысбаевтың бастамасымен, «ҚР
Теміржолшылары кәсіби одағы» ұйымы Қызылорда филиалының демеушілігімен
1977-1990 жылдар аралығында Қызылорда бөлімшесін басқарған «Еңбек Қызыл Ту»
орденді теміржолшы Орынбай Жанәділовті еске алуға арналған волейбол турнирі
өтті. Сайыс «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы негізінде
ұйымдастырылды.

Турнирдің
ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев, Қызылорда жол
бөлімшесі директоры Аманкелді Арысбаев, Қызылорда магистральдық желі
бөлімшесінің директоры Ибраким Басықараев, марқұмның жақын туысы ардагер
теміржолшы Лепес Жаниязов, ардагер теміржолшылар ұйымы төрағасы Қазыбек Рахметов
бастаған ардагерлер қатысты.


Теміржолшылардың салауатты өмір салтын ұстануы маңызды. Спортпен шұғылдану адам
денсаулығын шыңдаудың негізі. Сала ардагерлеріне құрмет көрсетіп, олардың
жарқын бейнесін есте сақтау мақсатында ұйымдастырылған турнир алдағы уақытта да
жалғасын табады. Және де біздің бұл ұсынысымызды жергілікті атқарушы органдар
қолдап отыр, – деді Қызылорда жол бөлімшесі директоры Аманкелді Арысбаев.

Ұзақ жыл
Қызылорда локомотив жөндеу депосын басқарған Лепес Жаниязов Орынбай Жанәділов
жайлы естелік айтып, қадірлі тұлғаның атын ұлықтаған азаматттарға алғысын
жеткізді.

1998-2001
жылдары «ҚТЖ» РМК Қызылорда темір жол бөлімшесін басқарған Аралбай Дүйсенов
пен құрылыс-монтаж пойызын басқарған
Қазыбек Рахметовтер де талайға ұстаз болған азаматтың алғырлығы мен облыстық
жасөспірімдердің олимпиадалық резерві мектебінің спорт залында өткен турнирде
НОД, НЖС, Дс Белкөл, Эч-25, ТЧЭ-34, РемПВ, ВЧД6 секілді теміржол мекемелерінің
ерлер волейбол қомандалары өзара бақ сынасты. Сайыс қорытындысында Қызылорда
электрмен жабдықтау дистанциясы (ЭЧ-25) құрама командасы жүлделі 3-орын
иеленсе, Қызылорда локомотив пайдалану депосының (ТЧЭ-34) командасы 2-орын
биігінен көрінді. Ал бірінші орын жүлдесі НОД-10 Қызылорда жол бөлімшесі
құрамасына бұйырды. Жүлделі орын алған жеңімпаздарға кубок, диплом тапсырылып,
ақшалай сыйлық берілді. Ойын барысында шеберлігімен ерекшеленген ойыншыларға
«Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы мен ҚР Теміржолшылардың кәсіподағы ұйымы
атынан құрмет грамотасы мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Сабырхан
НӘДІРБАЕВ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз