Қызылордалық дзюдошы – жастар арасында Азия чемпионы

79

0

Қызылордалық дзюдошы – жастар арасында Азия чемпионыҮндістанның Кочи қаласында дзюдодан жастар арасында
өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз 1 алтын 2 қола медальмен оралды, – деп
хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Жалағаш ауданының тумасы Жақсыбек Жеңісбек 60 келі
салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанып, еліміздің Әнұранын шырқатты. Ол жарыс
барысында үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жетті. Айта кетейік,
Қазақстан  бойынша ұлдар арасында  алтын жүлде тек Жақсыбектің еншісінде болды.
Жақсыбек 1996 жылы 13 тамызда Жалағаш ауданында дүниеге келген. Алты мәрте
Еуропа кубогының иегері (2014,15,16 жж.), 3 дүркін жасөспірімдер арасында
(2010,11,12 жж.) және 3 дүркін жастар арасында Қазақстан жеңімпазы (2014, 15,
16 жж.), балалар Азия ойындарының жеңімазы (Якутия, 2012 ж.). Жастар арасында
өнер көрсетіп келген Жақсыбек, енді ересектер арасында бағын сынайтын болады.
Ол үстіміздегі жылдың 15-20 қараша айында Қызылордада дзюдодан ересектер
арсында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.

Қызылордалық дзюдошы – жастар арасында Азия чемпионыСондай-ақ, осы жарыста №1 облыстық олимпиадалық
резерв мектебінің тәрбиеленушісі Адия Сайын 44 келі салмақ дәрежесінде қола
жүлдеге қол жеткізді. Ол былтырғы жылы Таиландта өткен Азия чемпионатының күміс
жүлдесін иеленген болатын.

Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің
спортшысы, Қазақстан жеңімпазы, жүлдегері 
Салтанат Сұлтанбекова 52 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдені еншіледі.

Спортшыларды жарысқа Қален Қалиұлы, Жанарбек
Сансызбаев, Арман Молдаханов, Ришат Бурлов, Рамазан Мұстафаев, Дархан Алмаханов
және Қайрат Баякеновтер дайындады.

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз