Қызылордалық шахматшылар жүлделі оралды

241

0

Қостанай облысында шахматтан халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасовтың кубогына арналған жасөспірім дарынды шахматшылар арасында республикалық турнир мәресіне жетті. Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған турнирге Астана қаласы мен еліміздің 11 облысынан 123балғын шахматшылар қатысты.

Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турға озылды. Турнир нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының командасы 34,5 ұпаймен үшінші орынды иеленді. Бірінші орында – Астана қаласы (38 ұпай), екінші орында – Қостанай облысы (37 ұпай).

Командалық жарыс алты тақта бойынша өткізілді. Команда құрамында Әсел Серікбай, Ақбота Әліпбай, Нұрғали Назерке, Самал Әбдуәли, Сұлтан Аманжол және Дінасыл Ғалымжанқызы шеберлік байқасты. Жекелей сында 13 жас қыздар арасында Самал Әбдуәли 9 ойыннан 8,5 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал 9 жасқа дейінгі ұлдар арасында Сұлтан Аманжол 7 ұпаймен күміс жүлдені иеленді.

№1 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде тәлім алатын спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Риза Қошқарова дайындады.

Әділ ТАЛАП.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз