ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШАХМАТШЫЛАРДЫҢ ЖЕҢІСІ

60

0

Павлодар қаласында шахматтан 8-18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар  арасында Қазақстан Республикасының біріншілігі мәресіне жетті. Он күнге созылған жарыста 650-дей шахматшы бақ сынасты.
 Аталмыш жарыстан Сыр өңірінің спортшылары  5 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алып қайтты. Ойын шахматтың классика, блиц, рапид түрінде өткізілді. Классикадан 12 жасқа дейінгі қыздар арасында Самал Әбдуәли 9 турдан 8,5 ұпай жинап, жеңімпаз атанса, 8 ұпаймен Әсел Серікбай күміс жүлдені иеленді. Блиц пен рапидтен 10 жасқа дейінгі қыздар арасында Назерке Нұрғали бірінші орынды иеленсе, классикадан күміс жүлдеге қол жеткізді. Рапид пен блицтен 12 жасқа дейін қыздар арасында сынға түскен Әсел Серікбай жеңіс тұғырынан көрінді. Ал 8 жасқа дейінгі ұлдар арасында Алдияр Аңсат қола жүлдені еншіледі. Осы жарыстан кейін шахматшы қыздарымыз шілде айында Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына және қыркүйекте Оңтүстік Африкада болатын әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды. 
Әділ ТАЛАП.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз