ЖАС ДОЙБЫШЫЛАР БАҚ СЫНАСТЫ

53

0

Жас спортшылардың
спорт­қа деген ынта-ықыласын арт­тыру үшін түрлі сайыстар мен жа­рыстар
ұйымдастырылып, кө­ңіл бөлініп келеді.
Осы орайда облыстық дойбы федерациясы
мен қалалық спорт бөлімінің мұрындық болуымен мектеп оқушылары арасында
дойбыдан жарыс болып өтті. Оған қала мек­тептерінің оқушылары қа­тысты.

Шараның негізгі мақсаты балаларды спортқа баулу, қы­зығушылықтарын
арттыру, са­­лауатты өмір салтын қалып­тас­тырып, бұқаралық спортты да­мыту
және насихаттау болып табылады.

Сайысты облыстық дойбы фе­дерациясы мүгедектер қоғам­дық
бірлестігінің төрағасы Жас­ұлан Тілеген ашып, жарыс­қа қатысушыларға сәттілік
ті­ле­ді. Ұлдар мен қыздар ара­сында болған сайыс қызықты әрі тартысты өтті.
Аса ыжда­ғат­тылық пен ұшқыр ойды қа­жет ететін сайыста қыздар ара­сында үздік танылып, бірін­ші
орынды иемденген №8 мек­теп интернатының 9-сынып оқу­шы­сы Гүлжан Әліжан болса,
екін­­ші орынды Перизат Берекет ием­денді. Үшінші орынды Жар­қы­най
Тайшыбаева қанағат тұтты.

Ал, ұлдар арасында өткен сайыста бірінші орынды Ақна­зар
Байназар алды. Келесі жүл­делі орындарды Бақдәулет Оспа­нов пен Қуандық
Батырханұлы бөлісті.

Шара соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, алғыс
хат­тармен марапатталды.

Сара
ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз