«ЖАСЫЛ ДОП» ЖАСӨСПІРІМДЕР ТУРНИРІ

76

0

Қызылорда қаласындағы «Нұрсәт» теннис орталығында теннистен  «Жасыл доп» ашық турнирі өтті.  Аталмыш жарысқа 8-10 жас аралығындағы өрендер қатысты. 
Турнир қорытындысы бойынша ұлдар арасында Өмір Ақжан (Оңтүстік Қазақстан облысы) жеңіс тұғырынан көрінді. Қызылордалық Жақас Қозбақ екінші орынды иеленсе, тағы бір шымкенттік Ділмұхаммед Ниязов үшінші орын алды. Ал қыздар арасында қызылордалық Мадина Манбаеваға тең келер ешкім болмады. Одан кейінгі орындарды  жерлестеріміз – Диана Төлешова  мен Урсула Рахмет өзара бөлісті. «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен  Мерей Нағыметова (Оңтүстік Қазақстан облысы), Жібек Әмірәлиева мен Айсұлтан Жәдігер (екеуі де Қызылорда) марапатталды. 
Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 18-27 сәуір аралығында Қызылорда қаласында теннистен ұлдар мен қыздар арасында «Нұрсәт» теннис орталығының жүлдесі үшін ашық  республикалық турнир болады.
Әділ ТАЛАП. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз