ВЕНЕСУЭЛАНЫ КҮРДЕЛІ ЖАҒДАЙ КҮТІП ТҰР

Оңтүстік Америкадағы Венесуэла міне, үш жылдан бері дағдарыс шылауынан арыла алмайтын халге жетті. Халықаралық агенттік сарапшыларының пікірінше, 2014 жылдан басталған «қара алтын» рыногындағы дағдарыс елді барынша күйзеліске әкелетін сыңайы бар. Себебі, Венесуэланың бюджеті бірыңғай мұнай бағасына тәуелді.
Венесуэлада қазір халық толқулары өршіп тұр. Әлеуметтік қауырт жағдайды болдырмау үшін ел басшылары ет, нан секілді негізгі азық-түлік өнімдерін субсидиялап, халықты алдарқатуда. Бірақ, – дейді сарапшылар, – бұл шаралар Кеңес Одағы тарайтынның алдында қалыптасқан жағдай секілді уақытша жан сақтап қалудан басқа ешқандай оңды нәтижеге әкеліп соқпайды. Сондықтан қазір елде экономикалық реформаларды батыл жүргізу барынша маңызды болып табылады.
Венесуэла президенті Николас Мадуро бюджет тапшылығы асқынған жағдайда не істейтінін әзірге жария ете қойған жоқ. Ол бар болғаны ақша басып шығару үдерісін ұлғайтып, гиперинфляцияға жол ашып отыр. «Бұл биліктің өзгеруіне, жаңа реформалардың бастамасына жол ашады», дейді сарапшылар. Олардың пікірінше, қазір Венесуэлада бұдан басқа өркендеудің жолы көрінбейді.
Экономика 02 тамыз 2017 г. 393 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930