КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ ӨРІС

Облыс әкімінің есеп­ті кездесуінде әлеу­­­меттік тұрақ­ты­лық­­ты қамтамасыз ету мәселесі шет қал­мады. Бизнесті да­мытуға, оның ішін­де стартап жобалар үшін несие­лік ресурстарға қол­жетімділік ай­тар­­­лықтай жеңіл­де­­тіл­­гені айтылды. Расында, қазір аталған көрсеткіш бо­йынша Қызылорда облысы аймақтар ара­сын­да көш бастап тұр. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде облыста бірқатар жоба жүзеге асқан. Ал, өткен жылдың есте қаларлық елеулі оқиғасы ретінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа «Ең үздік бизнес орта құрғаны үшін» номинациясын табыс етуін айтуға болады. 2018-2020 жылдар жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үшжылдығы болып жарияланып, әзірленген кешенді жос­пар да алғашқы нәтижесін берді.

Иә, «Президенттің бес әлеуметтік бас­тамасында» да төртінші міндет ретінде шағын несие беруді көбейту тапсырылғаны бізде кәсіпкерлікті қолдауға ерекше көңіл бөлінетіндігін көрсетеді. Өйткені, жеңілдетілген несие көлемінің ұлғайтылуы жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасайды. Соның арқасында ауыл кәсіпкерлері бизнестің ең биік баспалдағына өрлей бермек.

Нұрлыбай ҰЛЫҚПАНҰЛЫ,

ауыл шаруашылығы

саласының ардагері.

Экономика 17 ақпан 2019 г. 1 593 0