Сабақтастық серпіні

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы  игі істерге жетелейтін басты қағидаға айналуда.

Үш кезеңнен тұратын сайлауалды бағдарламадағы бірінші бөлім – сабақтастық. Бұл – инвесторлар мен кәсіпкерлердің жұмысына аса қажетті ұстаным. Жолға қойылған бағытты, дәстүрлі экономика жұ­мысын қазіргі заман талабына сай жүзеге асыру.

Бүгінгі күні ауданда мемлекеттік бағ­дарламалар бойынша 551 млн теңгені құрайтын 74 жоба қар­жы­ландырылды.

Индустриаландыру бағдар­лама­сына сәйкес, өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында 3 жоба жүзеге асырылуда.

Біріншісі, «Гежуба Шиелі цемент» ЖШС іске қосылып, жұмыс істеуде. Бүгінгі күні зауыт цементтің 4 түрі бойынша 155 мың тонна өнім өндіріп (оның 6,5 мың тоннасы экспортқа шығарылды), 260 тұрақты жұмыс орны ашылды.

Екіншісі, «Фирма Балауса» металл өңдеу жобасы іске асырылуда. 2019 жылдың 1 қаңтарына экспорт көлемі 3,2 есеге ұлғайтылып, 200 тонна аммоний метаванадатын экспорттады. Биылғы жылы 5 оксидті ванадий өндіру цехының құры­лысы жүргізілуде. Цех осы жылы іске қосылады. Қазіргі таңда кә­сіп­орында 147 адам жұмыс жасайды.

Үшіншісі, «Таң ЛТД» ЖШС-ның «Күріш және құрама жем өндірісі» жобасы. Мемлекет тарапынан 5000 гектар жер телімі егіндік мақсатта табысталды. Қазіргі таңда 1000 гектардың үстінде жоңышқа және мақсары дақылдары егілді.

Сонымен қатар, «СырАгро и К» ЖШС-ның 1100 басқа арналған тауарлы сүт фермасының жобасы аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылып, қолдау тапты. Өндірістік мақсатқа 500 гектар жер телімі табысталды, жылына 5,3 мың тонна сүт өндіру әлеуетіне ие.

Сондай-ақ, мемлекет басшы­сы­ның сайлауалды бағдар­лама­сындағы негізгі бөлім – әділдік.  «Әділ іс – ағын судың арнасындай, әділ сөз – болат семсер алмасындай» дейді халық даналығы. Кез келген қолға алынған жобаның жүзеге асырылуы барысында кездесетін мәселенің ақ-қарасын ажыратып, тиімді шешім қабылдай білу – басты қағида.

Бүгінгі күні аудан бойынша аз қамтамасыз етілген 2920 отбасына (13161 мүшесі) атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Үшінші бөлім өрлеу, бизнеске арналған. Бірінші кезекте отандық кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау міндеті тұр. Президенттің сайлауалды бағдарламасы кәсіпкерлер үшін қолайлы орта қалыптастыру болып табылады.

Осы жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бағытында 31 азаматқа 7 млн 575 мың теңге көлемінде мемлекеттік грант берілді.

«Жастар жылына» байланыс­ты 29 жасқа дейінгі 100 азаматқа 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру бағытында мемлекеттік грант беру мақсатымен 50 млн 500 мың теңге бөлініп, шілде айынан қолға алынды.

Сондай-ақ, мал басын көбейту бағытында 29 азаматқа 113 млн 200 мың теңге көлемінде шағын несие беріліп, кәсіптерін ашуда. Қосымша 32 жаңа жұмыс орны құрылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  өз сөзінде: «Жүзеге асырылып жатқан барлық мемлекеттік бағ­дарламалар, ең алдымен, хал­қымыздың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталуы тиіс. Сон­дықтан, осындай аса жа­уапты мін­детті жоғары деңгейде ат­қаруымыз керек. Бұл, ең алдымен, еліміздің бүгіні үшін аянбаған ата-бабалардың ісін жалғастыру деп түсінуіміз қажет» деген болатын.

Мемлекетіміздегі баршаға ортақ игілік табысты бастамалармен сабақтасып, жүйелі жұмыс жолында әділдік пен адалдық салтанат құрса, мәңгілік елдің өрлеуі тұғырлана түспек!

Әшім Оразбекұлы,

 Шиелі ауданының әкімі.

Экономика 24 тамыз 2019 г. 105 0