ҚАЗАҚСТАН: Индустрияландырудың алғашқы онжылдығы

Қазақстан экономикасы жаһандықсипаттағы қиын­дықтарға қарамастан ілгерілеп келеді. Жыл басынан бері оныңөсімі орташа әлемдік көрсеткіштен жоғары болды. Егер қажетті құрылымдық өзгерістердіжүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін5%-ке немесе одан да жоғары деңгейге жеткізуге болады деп атап көрсетті,халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Әлбетте, бұлшикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыруға басаназар аудару керектігін көздейді.

Иә, мәселе тағы датөтесінен қойылып отыр. Екі бесжылдықты артқа тастадық. Көңілге қонатын істерде, олқылықтар да баршылық. Тиімді жобалар болды. Қайтарымы жоқ жобалардытықпалап, әйтеуір есеп үшін тірлік жасағандар болғанын да жасырғымыз келмейді.Қалай дегенде де бүгінгі әлемдегі жанкешті бәсеке енді жүрдім-бардым көзқарастыкөтермейді. Уақыт күн өткен сайын жаңа талаптарды алға тартуда. 

Индустрияландырукезе­ңінде Қазақстанда 1250 жаңа кәсіпорын құрылып, 300 мыңнан астам жұмыс орныашылды. Бүгінде әлемнің 110 елі отандық өнімді тұтынуда. Соңғы жылдары бұғандейін елімізде бұрын шығарылмаған бұйымдардың 500-ден астам түрі дайындалып,50-ге жуық тауар түрі экспортталып келеді. Қалай болғанда да бұл енді нақтынәтиженің белгісі.

Ақпарат көздерініңмәліметі бойынша, соңғы 10 жылда Қазақстан шикізат секторынан өңдеуші салағабет бұрып, жақсы нәтижелерге қол жеткізе бастаған. Ол экономиканыәртараптандыру арқылы өңдеу өнеркәсібінде өнім 3,5 есеге өскенін жеткізген еді.Бұл ретте индустрияландыру жылдары шикізаттық емес экспортта 70 жаңа тауарөндірісі қарқын алып, одан түскен қаражат 1 млрд АҚШ долларынан асты. Осы­ныңнәтижесінде күр­делі эко­номикалық индекс рей­тингінде Қазақстан 108-ші орыннан2017 жылы 81-ші орынға көтерілді. Екін­ші бес­жылдықта өңдеу өнер­кәсібіндежалпы қосылған құн көлемі 1,7 есеге артып, 7 трлн теңгеден асты. Негізгікапи­талға салынған инвестиция кө­лемі 1,5 есеге өсіп, 1,3 трлн теңгені құрады.Экспорт 12,3%-ке көбейіп, еңбек өнімділігінің өсімі 35 мың долларға жуық­тады.Сонымен бірге 500 жаңа жобаның іске асуымен 45 мың тұрақты жұмыс орны ашылыпты.Ал биыл жыл басынан бері Қазақстанда 300-ден аса тұрақты жұмыс орны құрылып, 10индустриялық жоба іске қосылды. 

2015 жылдан бастапеліміз­де индустрияландырудың екін­­ші бес­жылдығы жүзеге асыры­­луда. Биылбесжылдық қоры­тын­дыланды. Былтыр Ин­дустрия­ландыру картасы аясында 13 мыңнанастам тұрақты жұмыс орны құрылып, 1,3 трлн теңгеге 102 жоба іске қосылды. 2018жылдың қорытындысына сәйкес индустрияландыру бағ­дар­ламасының барлық мақ­саттыиндикаторлары оң нә­тиже көрсетті. Биыл 1,1 трлн теңгеге 20 мың тұрақты жұмысорнын құру арқылы Индустрия­ландыру картасының 120-дан астам жобасын енгізужоспарлануда. 2019 жылы 6 ай ішінде 8 млрд теңгеге 317 тұрақты жұмыс орнын ашуарқылы 10 жоба іске қосылды. 

Қазақстанда барлықжобалар жіптіктей деуге болмайды. Мәселен, Ақтауда планшет құрастыру зауытыжобасы баянды болмады. Бұны Қарағанды облысында ұшақ құрастыратын компания дақайталады. 1,6 млрд теңгеге салынған кәсіпорында «Сұңқар», «Фермер» сынды түрлімақсаттағы ұшақтарды жасау жоспарланған еді. Жоба «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылықаржыландырылып, индустрияландыру картасына енді. Әйтсе де біраз уақыт өткендебірде-бір ұшақ құрастырылмағаны белгілі болды. Себебі өндірісті техникалыққұжат және сертификатсыз жүргізуге заңмен тыйым салынған. Қажетті құжаттыкомпанияға ресейлік әріптестері беруден бас тартыпты. Осының салдарынан ұшаққұрастыру зауытын жауып, мекеме басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғауға туракелген. Сарапшылар бюджеттің қыруар қаржысын болашағы жоқ жобаларға оңды-соңдыжұмсағанша, бұрыннан жолға қойылған салаларды дамытуға арнаған жөн депесептейді.

Бірқатар сарапшыларжобаны айқындауда қолдан келетін істі қолға алу керектігін айтады. Айталық,Қазақстанда ертеден келе жатқан өнеркәсіп салалары бар. Олар – металлургия,химия, машина құрастыру өнеркәсіптері, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіпсынды салалар болып табылады. Ал жаңа технология өндірісі дамымаған мемлекеттепланшет құрастыратын кәсіпорынды ашу қаншалықты қажет болды? Сарапшыларпікірінше, ұшақ жасау ісі де оңай шаруа емес. Осы ретте бұл саланың көшбасшыұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеу қажет еді. Алдымен ұшақ өндірісіне қажеттібөлшектерді жасауға мән беріп, саланы біртіндеп ілгерілетудің амалынқарастырған дұрыс болар еді. Мәселен, Өскемендегі титан-магний комбинаты ұшаққаарналған дайын өнімдерді шығарады. Оны ұшақ өндірісіне пайдаланады. Бұрын текшикізат ретінде дайындалатын. Осыны ескеріп, Еуразиялық экономикалық одақшеңберінде осындай әріптестіктерді дамытып, жаңа өндірістерді ашуымыз керек.Сол секілді кезінде Петропавлдағы биоэтанол кәсіпорынын мысалға келтіругеболады. Әрине, бидай қалдықтарынан экологиялық таза бензин шығару жақсы идея.Дегенмен, экобензинді шығару барысында оның құны еуропалық баламасынан қымбатболып кетті. Әлбетте, оны ешкім алғысы келмеді. Бұл орайда Еуропадағыұйымдармен әріптестік байланыс орнатқан артық болмас еді. Жалпы өсу барысындамұндай олқылықтардың орын алатыны заңды құбылыс. Бұған қатты алаңдауға негізжоқ. Алайда, осы бағытқа мемлекеттің бюджеті жұмсалса, оны қатаң бақылауға алуқажет деп санайды бірқатар сарапшылар. 

Жыл соңына дейінеліміздегі үшінші индустрияландыру науқанының бағдарламасы бе­кітілуі тиіс.Негізгі тәсілдер индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасына енгі­зілген.Ендігі меже – өңдеу өнеркәсібінің халықаралық бә­секеге қабілеттілігінынталандырып, экспорттық әлеуетті арттыру болып табылады. Бұл орайда Қызылордаоблысының бірқатар оңды тәжірибесі бар аймақ ретінде соңғы жылдары еліміздеөңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері бойынша бір­шама жақсы нәтижелерге қолжеткізді. Бұл бағытта сарапшылар жоғарыдағы кемшіліктерді ескеріп, келесімәселелерге назар аударуға кеңес береді.

Сарапшылар пікірінше,әлемдік үрдістен қалып қоймау үшін АҚШ, Жапония және Қытай сынды алпауытелдердің қарқынына ілесудің амалын ойластыруымыз қажет. Бұл үшін алдыменмамандарды дайындау мәселесіне жіті көңіл бөлгеніміз дұрыс. Сол сияқты цифрлыэкономиканы жедел игеру қажеттігі жиі айтылуда. Себебі қазір ақылды жүйелерге,сондай-ақ Big data, яғни, үлкен деректер аналитикасына сұраныс күшейіп келеді.Өйткені, бұл салалардың экономиканы дамытудағы рөлі айрықша. Аталған бағытта,әсіресе Үндістанда жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Бүгінде Еуропа мен басқада дамыған мемлекеттерде жаңа технология мамандарының дені осы елдіңазаматтары. Демек, Үндістанда білім мен ғылымға ерекше мән беріледі. Олар осыісті 10-20 жыл бұрын бастаған еді. 

Әрине, бірқатарсарапшылар индустрияландыру бағытында коррупцияның орын алғанын да жасырмайды.Бұл туралы индустрияландырудың 9 жылдығына арналған телемарафонда ҚазақстанныңТұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та білдірген еді. «Экономиканың нақтысекторына ғылыми-техникалық қызметтер нәтижесін енгізу жөніндегі жұмыстардыжандандырған жөн. Мысалы, қазірдің өзінде Назарбаев Университетінде 120ғылыми-зерттеу зертханасы ашылды. Ғылыми әзірлемелер өндірістік міндеттердішешуді көздейтін нақты кәсіпорындардың тапсырыстарына, соның ішінде жекеинвестициялар есебінен берілетін тапсырыстарға бағыт­талуға тиіс», депөндірістік жаңғырудың жолдарын ұсын­ған болатын Елбасы.

Қазіргі дамудың кепілі– ысырапшылдыққа жол бермей, ғылым мен бизнестің өзара ынтымақтастығынүй­лес­тіру. Нақ­ты нәтижеге жетемін десек, бізге қазір бюджеттіңсар­қылмайтындай болып көрінетін ақшасына ұқыпты болу барынша маңызды болыптабылады. 

 

Ж.әлмахан.

Экономика 15 қыркүйек 2019 г. 420 0