Өзгерістер кезеңі

15

0

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауы еліміздің дамыған 30 елдің қатарына жеделдетіп қосылуына мүмкіндік беретін бағыттарға басымдық берумен ерекшеленіп отыр.  

10 басым бағыттан тұра­тын Жолдауда мемлеке­тіміз­дің алдында жаңа техно­логияны енгізу арқылы қазақс­­тандық индустрияны, ақ­парат­тық-технологияны, ауыл­шаруашылық саласын, транспорт және көлік логис­тикасын, тұрғын-үй, құрылыс саласын, қаржы секторы мен банк жүйесін, адам капи­талын дамыту, тиімді мем­лекеттік басқару, цифрлы техно­логияны енгізу, заңның үстемділігі мен сыбайластық жемқорлықпен күресу, «Смарт сити» технологиясын енгізу арқылы дамушы қалалардың проб­лемалық мәселелерін ше­шу, инвесторлардың қызығу­шылығын арттыру сияқты ел дамуына ерекше серпін беретін маңызды міндеттер айтылды.

Жолдаудың 7 бағыты адам капиталын дамытуда білім беру жүйесінің барлық деңгейі ел экономикасының сұранысына нақты жауап беруі қажет еке­ні баяндалды. Бұл үшін ұстаз­дардың қоғамдағы беделін арттыру қажет.

Осы мақсатта, бүгінгі таң­дағы білім саласында қызмет атқаратын ұстаздар қауымының қоғамдағы ор­нын айқындап, беделін кө­теру үшін нақты ша­ра­лар қабылданып жатқаны анық. Оның айқын дәлелі, 2015 жылы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, білім беру ұйымдарында білім алушылар мен олардың ата-аналары ұстаздар қауымының қадір-қасиетін құрметтеуге мін­детті екені айтылған.

Сонымен бірге, саяси құжат­та денсаулық саласына жаңа технологияларды енгізу арқылы ауруларды емдеу, оның алдын алу, медициналық қызмет көр­сету сапасын арт­тыру мәселесі де көтерілді.

Жолдаудағы маңызды мәсе­ле­лердің бірі әлеуметтік төлем­дердің соңғы екі жылда 3 есе көтерілуі, денсаулық саласы қызметкерлерінің еңбекақысы – 28, білім саласы бойынша – 29, мемлекеттік қызметкерлердің ең­бекақысы 30 процентке көте­рілген болатын. Бұл әлеуметтік қолдаулар алдағы уақытта да жалғасын тауып, мұғалімдердің еңбекақысы 30-50 процентке дейін көбейетін болады.

Бұл Жолдау бүгінгі таңда, облысымыздағы барлық білім беру ұйымдарында қызу тал­қы­ланып, ұстаздар қауымы тарапынан қолдау тауып жатыр. Сыр елі ұстаздар қауымының жаңа Жолдаудан күтетін жаңа­лықтар мен жетістіктері мол болғай.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз