Сириядағы қазақстандықтарды құтқару операциясының бейнеролигі жарияланды (видео)

 5-6 қаңтар күндері Сириядағы қазақстандықтарды құтқару операциясы  өтті. Ақорданың баспасөз қызметі «Жусан» операциясының бейнеролигін жариялады. 
5 қаңтар күні Ақтау әуежайынан әскерилер мен құтқарушылар ұшты. Ұшақ бортында алғашқы көмек көрсетуге қажет заттар мен тамақ болған. Эвакуациялау аймағына қазақстандық күш 5 қаңтар күні сағат 15:45-те жетті.
 Бейнероликтен байқағандай, балалардың тыныштығы үшін ұшақта барлық жағдай жасалған. Кей ер азаматтарды ұшаққа көзін байлап отырғызған. Операция нәтижесінде отанына 47 адам оралды. Оның ішінде 11-і әйел мен 30-ы бала (балалардың көпшілігі 1-5 жас аралығында). 

 
СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 09 қаңтар 2019 г. 487 0