Қытайда Димаштың аузынан су ағызып қойды (видео)

Әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүрген Димаш Құдайбергеннің Қытайда ерекше суреті пайда болды. Ол жай сурет емес. Қызығы сол, Димаштың аузынан субұрқақ жасап қойған. Бұл туралы әнші өзінің инстаграм парақшасына жанкүйерлерінен келген видеосын жүктеді, - деп жазады ernur.kz
Осыған дейін Димаш Құдайбергеннің суретімен түрлі жарнамалар жасалған болатын. "Ал, бұл жолғы аспанасты елі тұрғындарының қиялында шек жоқ екен" деп әншінің өзі таңданыс білдіріп жатыр. Димаш Құдайбергеннің ерекше суретін жанкүйерлері әртүрлі қабылдап жатыр. 
Бірі "Бұл не мазақ, мүмкін сотқа беру керек шығар" деп дабыл қағуда. Енді біреулері бұл суретті жетістікке балады. "Бұл деген  -танымалдылықтың беллгісі", "Есесіне қызық. Бұл жарнама секілді ғой", "Қытайлықтардың шығармайтыны жоқ", - деген пікірлер бар. Ал, өз аузынан су ағызып қойған қытайлықтарға Димаш ренжімеген секілді.

СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 14 мамыр 2019 г. 841 0