Бүгін - Көшеней жыраудың туған күні

Белгілі жырау, ақын Көшеней Рүстембеков тірі болғанда биыл 73 жасқа толар еді. Көмейіне ғасырдың үні қонған өнерпаз азғантай ғана ғұмырында артына өшпес мұра қалдырған. Көшенейдің әкесі Рүстембек те, атасы Жиенбай да ел білетін жыраулар еді. Бүгінде Арнұр Көшеней жыршы-термеші әулетінің сынығындай боп алдыңғы буынның жолын жалғастыруда. Көшенейдің бауыры Бидас аға да дәстүрлі өнерді өшірмеу жолында еңбек етіп келеді.
Ал бүгін назарларыңызға Көшеней жыраудың орындауындағы Жиенбай жыраудың "Өрен жүйрік" термесін ұсынамыз.












СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 22 тамыз 2019 г. 496 0