Қызылордалық суретші «Central Asia’s Got Talent» жобасына қатысуда (видео)

Қызылордалық суретші Дәулетбек Тойшыбаев «Central Asia’s Got Talent» телевизиялық жобасында көрерменді талантымен таңғалдырды. 
Сахнада  қазылар алқасы мүшелерінің бірінің портретін айнытпай ерекше тәсілмен салып берді. Келесі кезеңде ол қандай өнер көрсетеді екен?
Таланттар шоуына жасы, қызметі, біліміне қарамастан Орталық Азияның (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан) өнерлі жандар қатысуда. Байқау жеңімпазы көрермендердің ықыласына бөленіп, қомақты қаржылай сыйлыққа ие болады. Жоба 5 кезеңнен тұрады. Іріктеу, ашық тыңдалым, ширек финал, жартылай финал және ақтық финал. Бірінші кезеңде жобаға қатысушылардың өтініштері қабылданып, әрі қарай төрт елде іріктеу кезеңі өткізіледі. Жобаның бас жеңімпазынан бөлек, төрт елден жеңімпаз анықталып, ақшалай сыйлыққа ие болады. Central Asia’s Got Talent шоуы төрт елде «Хабар», «Zoʻr TV», «Қоғамдық бірінші арна» және «ТВ Сафина» телеарналарынан көрсетіледі.
Ендеше, жерлесіміз Дәулетбекке қолдау білдірейік!





СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 04 қараша 2019 г. 562 0