Жасыл шырша жанында...

Қызылордада президенттің жаңажылдық шыршасы өтті. Президент шыршасына  бүкіл облыстан оқу озаттары, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары мен «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысты. Шыршаға барлығы 200 бала шақырылған.

 Аудандардан арнайы келген   110 бала үшін  ертеңгіліктер ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылды.

Шарада  облыс әкімі Қ.Ысқақов Мемлекет басшысының бүлдіршіндерге арналған  жаңажылдық құттықтауын жеткізді.

  "Осы сәтте өздеріңіздей Сыр елінің дарынды да талантты, өнегелі де өнерлі бүлдіршіндеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жаңажылдық құттықтауын жеткізіп отырғаныма қуаныштымын. Бүгін Сіздер ерекше бір әлемге еніп, ертегілердің түрлі кейіпкерлерімен кездесіп, ойын-сауық құрып, шат-шадыман күй кешесіздер. Осындай сән-салтанаты жарасқан Жаңа жылдық мерекемен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Сіздер Қазақстан деп мақтаныш сезіммен айта аталатын Тәуелсіз Елде дүниеге келген бақытты ұрпақсыздар! Қасиетті Сыр өңірін әлемге танытып, өсіп-өркендеуіне аянбай үлес қосатын, азамат болып өсетіндеріңізге сенемін." ,- деді облыс әкімі.

 Іс-шара соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, балаларға Абай Құнанбаевтың "Қара сөздері" кітабы, Президенттің құттықтау хаты, "Bilimbook" шағын сенсорлы экранды планшеті, ойыншықтар мен тәттілер таратылды.



Әсерлі шара барысынан фототілшіміз Нұрболат Нұржаубай түсірген суреттерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.

СУРЕТТЕР СӨЙЛЕЙДІ 24 желтоксан 2019 г. 1 534 0