Қансонарда бүркітші шығады аңға…

108

0

Қансонарда бүркітші шығады аңға...Осыдан екі жылдай бұрын Қызылорда қаласында саятшылықтан республикалық «Ең алғыр қыран–2012» турнирі өткізілген еді. Бұл шара ұлттық өнерді ұлық еткен өнегелі істің бірі болды.Тоқсаныншы жыл­дардың орта шенінде Қазақстанда саят­шылыққа
қайта бет бұра бастағанын ай­тады. Осы мақсатта арнайы федерация құ­рылған.
Соның нәтижесінде елдің ара­сында құсбегілік өнер қанатын кеңге жа­йып келеді.

Алматы облысында «Жалайыр Шо­ра» құсбегілік мектебі тұсауын кесті. Елімізде
құсбегілік өнерді дәріптеп, оның жүйелі жұмыс жасауына «Бүркітші» және «Қыран»
федерациялары ұйтқы болып отыр. Жанашыр жандардың қолда­уымен ұлттық спорт
түрлері қауымдастығы құ­рылды. Осының арқасында құсбегілік спорт түрінің біріне
айналып, арнайы ере­жесі түзілді.
 

 

Қансонарда бүркітші шығады аңға...

 

Алты жыл бұрын біздің
бүркітшілер Англияда өткен әлемдік құсбегілер ода­ғының дүниежүзілік
фестиваліне барып қайтты. Бүгінгі күні аталмыш одаққа жер-жаһанның 80-нен астам
мемлекеті мү­шелікке енген.
 

Қансонарда бүркітші шығады аңға...

Республикалық «Жеті қазына» құсбегілер клубының
мүшесі:
Балтабай Ибраевтың айтуынша,  кезінде
Сыр бойында да құсбегі­лік­­пен атағы алысқа кеткен кісілер бар еді. Мә­­селен,
Қазалы ауданында Бегалы, Бал­­ғынбай, Сейтім сынды саятшылықты жа­­нына серік
еткен кісілер болды.

 

 

 

Қансонарда бүркітші шығады аңға...

 

Тарихшы-этнограф Данияр Жексенбіұлы «Ру­хы мықты адам қыран құстың тілін тү­сіне алады.
Мәселен, зеңгір көкте сам­ғайтын бүркіт рухы жоғары адамға ба­ғынады. Әлемде
құсбегілік өнерге бет бұрған жұрт баршылық.

 

Қансонарда бүркітші шығады аңға...

Бір қызығы, олар­дың ешқайсысы
біздей бүркіттің ба­б­ын біле бермейтініне көзім жетті. Қа­зе­кем аңшы құстарды
үш топқа бөліп қа­райды. Алғашқысына бүркіттің Алатау ақиығы, Алтай мұзбалағы,
Дала және құм бүркіттері жатады.

 

Қансонарда бүркітші шығады аңға...

 

Екіншісі, сұңқар тобына ителгі, лашын, күй­кен­тай,
тұрымтай жатқызылса, үшіншісінде қар­шыға мен тұйғын бар
» дейді. 

 

Қансонарда бүркітші шығады аңға...

 

Аталмыш жарыста Сыр өңірінің намысын қорғаған құсбегі Ерболат Әлиев «Соңғы 20 жылдан астам уа­қыттан бері құсбегілік
өнерге ден қойып жүр­мін.
Алғашқыда
бүркітті қолға үйреттім, Қазір қаршыға баптап жүрмін. Шынын айту керек,
бүркітті ба­ла­пан кезінен баптау керек. Өкініштісі, бұл құс қазір біздің жерде
ұя салмайды
» деді. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз