8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында қала әкімдігі аналарға құрмет көрсету мақсатында бұл аналарымыздың суреттерін үлкен көлемде шығарып, қала көшелеріне іліп қойды.
«Ғасыр-ғұмыр иесі – асыл ана» тақырыбымен ілінген билбордтарды қызылордалықтар және қала қонақтары қаланың орталық Жібек жолы көшесінен көре алады.
Сондай-ақ, аталмыш билбордтарда «Қазақстан – 2050» Стратегиясының негізгі насихаттық бағыттарының бірі – «Біздің күш-қуатымыз – бақытты адамдарда», – деп аталатын логотип қолданылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!