ФОТОРЕПОРТАЖ: Алғашқы қоңырау сыңғыры

60

0

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қызылорда қаласындағы №136 Т.Жүргенов атындағы білім ошағындағы алғашқы қоңырау салтанатты шарасына қатысып, оқушылар мен ұстаздардың және ата-аналардың қуанышына ортақтасты.

Білім күні мереке­сімен құттықтаған өңір басшысы білім нәрімен енді ғана сусындағалы отырған бүлдіршіндерге ақжарма тілегін жеткізді.

– Биыл 13440 орындық 40 білім беру нысанының құрылыстары жүргізіліп жатыр. Жыл ішінде олардың 25-ін пайдалануға береміз. Соның 21-і – мектеп. Бүгінгі күнге дейін аймағымызда бес мектеп пайдаланылуға берілсе, қалғаны жыл соңына дейін оқушыларға есігін айқара ашатын болады. Сонымен бірге облысымызда алғаш рет қомақты қаржы бөлініп, бір мезетте 49 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Бұл мектептердегі күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес аяқталады және оқу үдерістеріне кедергі болмайды. Облысымыздағы үш аусымды сабақ жүргізу мәселесін түбегейлі шешіп, келесі жылы апатты жағдайдағы мектептердің түйткілдері толық шешімін табады деп күтудеміз. Оқушыларға айтарым, жаңа оқу жылы Сіздерді зор табыстарға жетелесін. Алғаш рет білім табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндеріміз дарабоз тұлға болып өсіп, елдің абыройын асқақтатын азамат болсын, – деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Расында, бұл күн ерекше толқу үстінде тұрған бүлдіршіндер үшін алабөтен қуанышты күн. Бұл күнді олардың ата-аналары да ұмытпақ емес.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз