Полицейлер мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық жасады

84

0

«Отбасы күні» мерекесіне орай Қызылорда облысы ішкі істер департаменті оқу орталығының қызметкерлері жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынан уақытша айырылған, мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық көмек көрсетті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Акция аясынд аймақтық ІІД оқу орталығының қызметкерлері Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты Облыстық мамандандырылған сәби үйіне барып, 2 айдан 4 жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-ана қамқорлығынан уақытша айырылған сәбилерге сый-таралғыларын, киім-кешегін, сәбилер үйіне керекті құрал-жабдықтарын табыстады.

Сәбилер үйінде жалпы 49 бала тәрбиеленіп жатыр. Түрлі себептермен сәбилер үйіне тапсырылған балалар мемлекет тарапынан тағаммен, киім-кешекпен, медициналық көмекпен, ойыншықтармен қамтылып отыр. Алайда, кез келген балаға ата-ана жылуы мен қамқорлығы, туған үйі мен ошағының мейірлі шуағы жетіспейтіндігін айқын аңғаруға болады. Осындай мейірімге зәру балалардың бір сәттік қуанышына куә болған акцияны ұйымдастырушылар балалардың қуаныш-шаттыққа кенелуі үшін қолдан келген көмектерін аямайтындықтарын жеткізді. Қызылорда облыстық ІІД бастамасымен ұйымдастырылатын қамқорлық акциясы өңірде әрі қарай жалғасын табатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз