Шаршы алаңдағы шеберлер бәсекесі

61

0

Бүгін, 25 ақпанда Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде 1996-1997 жылдарда өмірге келген жастар арасында бокстан Қазақстан біріншілігінің ашылу салтанаты өткізілді. Аталмыш шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, жарысқа қатысушыларға өз тілектестігін білдірді. 

 

Шаршы алаңдағы шеберлер бәсекесі

 

Шара барысында облыс басшысы 2013 жылдың қорытындысы бойынша әлем және Азия біріншіліктерінде жеңімпаз және жүлдегер атанған қызылордалық спортшыларды марапаттады. Олардың қатарында самбодан жастар арасында әлем чемпионы Диана Сәдуақасова, бокстан жастар арасында Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахметов, дзюододан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Бауыржан Жауынтаев, ауыр атлетикадан Азия кубогының күміс жүлдегері Әділбек Балқаев, дзюдодан жастар арасындағы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері Ерлан Жақсыбеков сынды саңлақтар бар. Сондай-ақ, дзюдодан жастар арасындағы әлем біріншілігінің чемпионын дайындаған бапкер Қален Қалиұлы мен көгалдағы хоккейден жігіттер және қыздар арасындағы командалардан ел чемпионын дайындаған бапкер Сұлтан Қобландин осындай марапатқа ие болды. 

Шаршы алаңдағы шеберлер бәсекесі

 

Шаршы алаңдағы шеберлер бәсекесі

 

Бокстан жастар арасындағы ел біріншілігін Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық бокс федерациясы ұйымдастырған.

Шаршы алаңдағы шеберлер бәсекесі

 

Шаршы алаңдағы шеберлер бәсекесі

 

Шаршы алаңдағы шеберлер бәсекесі

 

Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен еліміздің барлық өңірінен 200-ге жуық спортшы келді. Олар 11 салмақ дәрежесі бойынша 46,49, 52, 56, 60, 64, 69, 75, 81, 91 және 91 келіден жоғары салмақта сынға түседі. Біздің облыстан аталмыш біріншілікте 15 боксшы аймақ намысын қорғайды.

 

Шаршы алаңдағы шеберлер бәсекесі

 

 

 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз