Қызылордада футболдан БАҚ өкілдері арасында турнир өтті

62

0

 

Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақ хандығының 550 жылдығына
арналған Қызылорда облысының БАҚ өкілдері арасында футзалдан «ПҚКР» АҚ кубогі үшін
турнир өтті. Айта кетейік, жарысқа «Көлжан» ЖШС демеушілік жасады.

Аладоп бәсекесіне 7
команда қатысты. «А» тобында «Қазақстан-Қызылорда», «Меншікті тілшілер»,
«Баспасөз қызметі» және «Қоғам тв» командалары өзара мықтыны анықтады.
Турнирдің басты фовариттері осы топқа түскен. Сондықтан болар әрбір ойын
тартысты өтті. «Қазақстан-Қызылорда» топтағы үш ойынында да сенімді түрде
жеңіске жетсе, «Меншікті тілшілер» алғашқы ойында күтпеген жерден «Баспасөз
қызметімен» тең ойнады. Олар «Қоғам тв» жігіттерінен сенімді түрде үш ұпай
алғанымен облыстық арнадан жеңіліс тапты. Ал «Баспасөз қызметі» бұл мүмкіндікті
құр жібермей қоғамдықтардың қақпасына өздеріне қажетті голды соғып, топтағы
екінші жолдаманы иеленді.

 

«Б» тобында үш
команда өнер көрсетті. Бұл топта «Сыр медиаға» қарсы тұратын ұжым табылмады.
Турнирде алғаш рет өнер көрсетіп отырған «Жас тілшілер» «Сыр бойы» газетін
жеңіп, топтың екінші болып шықты.

Жартылай финалда
«Жас тілшілер» «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасына қарсылық көрсете алмаса,
«Баспасөз қызмет» «Сыр медиадан» бір гол айырмашылығымен жеңіліп қалды. Үшінші
орын үшін таласта «Баспасөз қызметі» «Жас тілшілерді» 3:1 есебімен жеңсе,
Қазақстан-Қызылорда» «Сыр медиадан» басым түсті.

 

Марапаттау рәсімінде «ПҚҚР» АҚ жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас маманы Ақтолқын Сұлтангереева жүлдегерлерді
құттықтап, марапаттады.

Сонымен турнир
қорытындысында бірінші орынды «Қазақстан-Қызылорда», екінші орынды «Сыр медиа»,
үшінші орынды «Баспасөз қызметі» иеленді. Ал «Меншікті тілшілер» командасының
ойыншысы Руслан Айтмамбетов «Үздік гол авторы», «Баспасөз қызметі» командасының
ойыншысы Алтынбек Бутантаев «Сұрмерген», «Қазақстан-Қызылорда» командасының
капитаны Әбілбек Жақанов «Үздік ойыншы» атанды. Сондай-ақ, облыстық дене
шынықтыру және спорт басқармасының арнайы жүлдесін «Сыр медиа» командасының
ойыншысы Дәурен Омаров иеленді.

 

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз