Қызылордада жаңа көпір пайдалануға берілді

53

0

Қызылорда облысы Сырдария ауданында халық көптен зарыға күткен көпір пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Парламент депуттаттары мен еңбек ардагерлері қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Осыдан екі жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстары қаржы тапшылығына байланысты іркіліп қалған болатын. Соның салдарынан дарияның арғы бетіндегі 21 мыңға жуық адам қыста қайықпен, жазда тозығы жеткен қалқымалы көпір арқылы бергі жағалауға қатынайтын.

 

 

Осы уақытқа дейін 13 елді мекеннің жиырма мыңнан астам адамы аудан орталығына қатынау үшін 180 шақырым жолды айналып өтетін. Енді жол 20 шақырымға қысқарды. Осыдан екі жыл бұрын басталған құрылыс жұмыстары қаржы тапшылығына байланысты іркіліп қалған болатын. Соның салдарынан дарияның арғы бетіндегі 21 мыңға жуық адам қыста қайықпен, жазда тозығы жеткен қалқымалы көпір арқылы бергі жағалауға қатынайтын.
Айта кету керек, көпір құрылысы бір айдан соң бітуі тиіс болатын. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өз сөзінде 220 метрге созылатын көпір құрылысы қолдау мен саясаттың арқасында өлшенгенін атап өтті. «Елбасы айтып өткендей, аудан орталығы Тереңөзек кенті мен 21 мың халқы бар 13 елді мекенді жалғап тұрған көпір өңіріміздің экономикасының дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатын болады», – деді аймақ басшысы.

Бұл – үлкен жұмыстардың тек бастамасы. Келер жылы Қазалы мен Қармақшы аудандары арасындағы көпірдің құрылысы басталмақ. Ал облыс орталығында Сырдарияның сол жақ жағалауын құрылысына байналысты көпір құрылысы да жүргізіледі.
Аудан тұрғындарын ұзақ бойы күткен қуанышы мен еңбек ардагері Ыдырыс Қалиев, және экс-депутат, ҚР бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов, соғыс және еңбек ардагері, ауданның құрметті азаматы Яхия Тасыров құттықтады.

Қуаныш куәгерлері жаңа көпірмен алдымен астықпен тиелген «Қызыл керуен», сонымен қатар жаңадан отау тігіп жатқан «Жұбайлар керуені» жүріп өтті. Ал Сырдария жағалауында жиналған қауымға мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз