Қызылордалықтар елордадағы жәрмеңкеге 440 тоннадан астам өнімдерін әкелді (ФОТО)

64

0

Қызылордалықтар елордадағы жәрмеңкеге 440 тоннадан астам өнімдерін әкелді (ФОТО)Астана әкімдігі алдындағы алаңда Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жәрмеңкесі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәрмеңкеге Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының кәсіпкерлері өз өнімдерін әкелген. Сатылымға 440 тоннадан астам түрлі ауыл шаруашылығы өнімдері қойылған. Олардың бағасы елорда базарларындағы бағадан шамамен 20 пайызға төмен.

«Қызылорда облысы жайында сөз қозғағанда, ең бірінші ойымызға күріш түсетіндігі сөзсіз. Біз ағымдағы жылы күріштен Тәуелсіздік алған сәттен бергі рекордтық өнім алдық, гектарына 50 центнерден айналды», – деді ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов.

Айта кетерлігі, өңірдің шаруа қожалықтары жәрмеңкеге 143 тонна күріш, 25 тонна балық, 20 тонна ет, 10 тонна тұз сынды 30-ға жуық өнім түрін әкелген.

Бұдан бөлек, елорданың бас алаңында Қызылорда өңірінің шығармашылық ұйымдары қала тұрғындарының назарына концерттік бағдарлама ұсынуда.

Айта кетейік, бұл жәрмеңкеге сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық өнімдерінің өндірушілері де қатысып жатыр.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз