Жалағашта ардагерлер спартакиадасы өтті (фото)

51

0

Жалағаш
ауданының Орталық стадионында қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған
әлеуметтік маңызы бар шараларды ұйымдастыру аясында аудандық ашық ІҮ-ші
Ардагерлер спартакиадасы өткізілді. Шараға 
аудан әкімі Талғат Дүйсебаев қатысып, ардагерлерге жылы лебізін білдірді.

Спортқа жаны құмар, ширақ қимылды
ардагерлеріміздің шеберлігін көріп, тәнті болдық. Біздің ардагерлеріміз спорт –
денсаулық негізі екендігін тағы да бір дәлелдеп берді, деп хабарлайды аудандық ішкі саясат бөлімі

Бұл дүбірлі доданы өткізудегі басты
мақсат – аудан ардагерлерінің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыра
отырып, ардагерлер спортының дамуына ықпал жасау.
Шараға
14 командадан 128 спортшы қатысты. Сайыс спорттың арқан тарту, қол күресі, 2000
метрге жүгіру , дартс түрлері бойынша өтікзілді.
Байрақты
бәсекеде өз шеберліктерімен көзге түскен, аламанда
оза шапқан жарыс жеңімпаздары марапатталып, жеңімпаздарымыз мақтау қағаздарымен
қаржылай сыйлыққа ие болды. Жарыс
қорытындысы бойынша жалпы командалық 1 орынды Ақсу ауылы, 2 орынды Қаракеткен
ауылы, 3 орынды Мырзабай ахун ауылы ардагерлері иеленді. Жарыс қорытындысымен
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев жеңімпаздарды құттықтап, жеңімпаздарға мақтау
қағаздары мен қаржылай сыйлықтар табыстады.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз