20 ЖЫЛДЫҚ БЕЛЕС

48

0

Биыл ҚР Азаматтық қорғау
органдарына 20 жыл толды. Осы орайда аймақта түрлі іс-шаралар жоғары деңгейде
аталып өтті.

 

Атап айтар болсақ, кәсіби мереке төтенше жағдайлар саласы
ардагерлерімен кездесу, төтенше жағдайларда қаза болған құтқарушылардың
ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Сонымен қатар облыстағы құқық қорғау органдары
қызметкерлері арасында түрлі спорттық жарыстар, қызметкерлердің балалары
арасында сурет салу, өлең оқу сайыс­тары және Қызылорда қаласының орталық
алаңында қала халқы мен қонақтары үшін қазіргі заманауи құтқару құрал-жабдықтары
мен техникаларының көрсетілімі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Қорқыт ата
атындағы Қызылорда Мемлекеттікуниверситетінің Студенттер сарайында Құтқарушылар күні мерекесіне
арналған салтанатты жиын болып өтті.

Жиынды облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов ашып,
құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мұнан
кейін төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Омар Бержанов,
Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары
Айдын Кайруллаев, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары
Мақсұт Баекеев, сала ардагері Қорғанбек Қайруллаев өз тілектерін арнады.

Бұдан соң төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, Омар
Бержанов сала қызметкерлерін мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен
марапаттады.

Салтанатты жиын барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға белсене қатысқан, Қазақстан
Республикасында өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде табыстарға қол
жеткізген құтқару бөлімшелерінің 25-тен аса қызметкері марапатқа ие болды.

Кәсіби мереке қарсаңында өткізілген әр түрлі жарыстарға
қатысқандар да назардан тыс қалған жоқ. Сайыстар жеңімпаздарына дипломдар,
кубоктар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік шара аясында Қызылорда облысы төтенше жағдайлар
департаменті мен «ТЖ органдары ардагерлерінің қазақстандық ұйымы» қоғамдық
бірлестігінің ұйымдас­тыруы­мен облысымыздағы төтенше жағдайлар жүйесінің
ардагерлеріне мерекелік дастархан жайылды.

Шара соңы Қызылорда облысы ТЖД-ның «Сыр лебі» фольклорлық
ансамблінің концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Сара
ҚОРҒАНБАЙҚЫЗЫ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз