Танымал тележүргізуші 10 жылдан соң таңғы эфирге қайта оралды

Осыған дейін "Таңшолпан", "Әйел бақыты", "Қазақстан дауысы", "Ой мен ойын" секілді танымал тележобаларда көрермен назарына іліккен Әйкерім Есенәлі декреттік демалыстан соң эфирге қайта оралды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ол қазір Қазақстан ұлттық арнасындағы "Таңшолпан" жобасын жүргізеді. Журналист бұл қуанышымен Instagram парақшасы арқылы бөлісті.

"Араға он жыл салып "Таңшолпанның" тізгініне оралдым", - деп жазба қалдырды Әйкерім.

Журналистті жаңа жұмысқа жоба жетекшісі, Жансерік Бейсеев шақырған. Әйкерімнің эфирге оралуын жылы қабылдаған жұртшылық эфирдегі әріптесі Гүлнұр Оразымбетованың орнына келді деп болжам жасап та үлгерді. Алайда, Әйкерім Есенәлі мен Гүлнұр Оразымбетова бірге эфир жүргізеді.

Естеріңізде болса, Әйкерім өткен жылы тележүргізуші Әнуарбек Жалелге тұрмысқа шыққан болатын. Ал күз айында олардың қызы өмірге келді.

ҚОҒАМ 30 мамыр 2018 г. 639 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031