Өзбекстанда Арал теңізінен әкелінген ауа сатылып жатыр

Қарақалпақстанның Қаңлыкөл ауданында консервіленген құтыдағы Арал теңізінің ауасы кәдесый ретінде сатылып жатыр.

Бұл туралы Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қарақалпақстанның Қаңлыкөл ауданындағы жеке кәсіпорын кәдесый ретінде консервіленген құтыдағы Арал теңізінің ауасын шығарып жатыр. Олардың сыртында «Арал теңізі өңірінің ауасы» деген жазу бар. Сонымен қатар Арал теңізінің спутниктен түсірілген суреті бейнеленген.

Ал өндірушілердің сөзінше, аталған кәдесыйды сатып алған турист өзімен бірге ауаны ғана емес, Арал теңізі мен Қарақалпақстан туралы естелікті де алып кете алады.

Айта кетсек, ішінде ауасы бар кәдесыйлар әлемнің көптеген мемлекеттер мен қалаларда сатылады. Олар әсіресе, туристердің арасында кеңінен танымал.

ҚОҒАМ 30 мамыр 2018 г. 483 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031