Ким Чен Ынның бала кезіндегі суреті жұртты таңырқатты

Психолог мамандардың айтуынша, адам баласының болашағына кішкентай кезінде берілген тәрбие елеулі түрде әсер етеді. Мәселен, уақытысында дұрыс берілген тәлім-тәрбие арқасында түзу жолға түсіп жатса, бұрыс бағыт-бағдар алған бала кері жүріп шалынып жатпақ деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бүгінгі күні нағыз диктатор ретінде танылған. Ол бала кезінен бері өз айтқанының бұлжытпай орындалатынына сенімді болып өсті. Оның үстіне ол айналасындағылардың оның бұйрығымен жүруіне еті үйреніп қалған.

Қатал басшы өзінің балалық шағы жөніндегі ақпаратты құпия сақтауға тырысады. Оның ойынша, айтылып қойылған кез келген мәлімет оған кері әсер етпек.

Бірінші құпия: оның туған жылы. Ким Чен Ын өзінің 1982 жылы туылғанын айтса, америкалықтардың ойынша ол 1984 жылы дүниеге келген.

Саясаткердің әкесі ұлының жақсы білім алуы үшін оны Швейцарияға оқуға жіберген. Шетелге аттанған ол өзін Пак Юн есімді Солтүстік Корея елшісінің ұлымын деп салған.

Швейцариядағы ол өзінің тәтесімен бірге тұрған. Солтүстік Корея Ким Чен Ынды толық бақылауда ұстады. Тәулік бойы назарда жүргенімен ол мейілінші қыдырып, жақсылап тұрып көңіл көтеруден бас тартпайтын. Оған ешкім қарсы шыға да алмайтын.
ҚОҒАМ 18 маусым 2018 г. 608 0