Кәсіпкерлікті қолдау – тұрақты даму

 Кәсіпкерлік – ел экономикасының қарыштап дамуына дем беретін сала. Елімізде түрлі бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несиелер тағайындалып, жан-жақты қолдаудың арқасында кәсіпкерлік дамып келеді.

Шағын және орта бизнестің дамуы үшін мемлекет қолдау білдіріп, жұмыссыздықты жою, жалақы мен зейнетақыны уа­қытылы төлеу, нарықты халыққа қажетті сапалы тауарлармен толтыру, сапалы қыз­меттер көрсету бойынша тиімді жұмыстар атқарылуда. Осы саланың дамуын одан әрі арттыру және әкімшілік кедергілерді мейлінше азайту мақсатында Мемлекет бас­шысы Н.Назарбаев 2018 жыл­дың 24 мамырында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталған заң осы жылдың 8 маусымынан бастап күшіне еніп, осы кәсіпкерлікке байланысты көптеген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Осы ретте 14 маусым күні техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаментінде Кә­сіп­керлік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша мәжіліс өткізіліп, талқылау жүргізілді.

Соңғы өзгерістерге сай, мем­лекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қа­тынастар бойынша кәсіпкерлік субъек­тілеріне жүргізілетін тексеру­лер мейлінше азайтылып, бақылау субъектісіне бару арқылы және бармай про­филактикалық бақылау жасау ұғымдары енгізілген. Бұл мемлекеттік бақылау және қа­дағалау қорытындылары бо­­йын­ша кәсіпкерлік субъек­тісіне әкімшілік шаралар көріл­­мей, айыппұлдар салын­бай, заң бұзушылықтар анық­талған жағдайда оны жою туралы нұсқама беру арқылы заң­намалар талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу мер­зім­дері қысқартылды. Профи­лактикалық бақылау жүр­гізу мерзімі 15 күн, микро­кро­кәсіпкерлік субъекті­леріне 5  және жоспардан тыс тексеру­лер мерзімі 10 күнге дейін азай­тылған. Ал, кейбір тексеру­лер 5 күннен 4 сағатқа дейін қысқартылған. Сонымен қа­тар, мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы қаты­настар бойынша басқа да маңызды өзгерістер мен толық­тырулар енгізілген.

Б.ПАШЕНОВ,

 техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаменті

бас маманы.

ҚОҒАМ 26 маусым 2018 г. 452 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031