«25 игі» іс бастау алды

57

0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы аясында Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы «25 игі іс» акциясын бастады.
Қоғамда тағдырдың тауқыметін тартып, айналасындағы адамдардан қайрымдылық пен жанашырлық күтетін түрлі отбасылардың кездесетіні рас.
Осы мақсатта, әскери қызметшілер елдің тыныштығын күзетіп қана қоймай, жағдайы төмен отбасыларына жәрдем беріп, олармен алдағы уақытта да тығыз-қарым-қатынас орнатқанды жөн санады.
Осындай отбасының бірі Гүлмира Сданованың алты баласы бар. Екі қыз, төрт ұл тәрбиелеп отырған Батыр ананың өкінішке орай, екі баласы мүгедек. Үлкен ұлы Тимур Отан алдындағы борышын өтемек ниетпен ағымдағы жылғы көктемде әскер қатарына алынған болатын. Анасының айтуынша, Тимурдың арманы болашақта әскери қызметші болу.
– Әрине, қайырымды істі елге жариялаған дұрыс емес. Дегенмен, кішкене болса да балалардың жүректеріне қуаныш сыйлап, әскери формадағы аға-әпкелерінің кез келген уақытта қол үшін созуға дайын екенін көрсеткіміз келді,  – дейді Қарулы Күштердің ардагері, запастағы подполковник Асқар Байсопақов.
Қызылорда гарнизонының әскери қызметшілері бұл игі бастаманы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғастыратын болады.
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз