25 ЖЫЛДЫҚҚА – 25 КӨШЕТ

59

0

Жаңақорған ауда­нын­да Ұлыстың ұлы
күні мере­кесі қарсаңында жалпыха­лықтық сенбілік өтті. Аудан әкімі Руслан
Рүстемұлы көпшілік шараның басы-қасында жүріп, барша жа­­ңақорғандықтар қолда­ры­на
күрек, сыпырғы ұс­­­тап, тазалыққа ден қой­ды. Сондай-ақ, ел Тәу­ел­сіз­­дігінің
25 жыл­ды­­ғына орай ау­дан мекемелерінің «Тәу­­елсіз­дік» көшесі бойы­на 25
көшеттен отыр­ғы­зу акциясы ұйымдасты­рыл­ды.

Аудан орталығы жыл өткен сайын
көркейіп-кө­галданып келеді. Абат­танған әлеуметтік нысан­дар, әсем саябақтар
осы сөзімізге дәлел. Қоршаған ортаның келбетіне сән берер сенбіліктер ауданда
мамыр айының 10-на дей­ін жалғасатын болады.

 

Н.ТАСТЕМІР.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз