"Бұл - алаяқтық" - Kaspi Bank өкілдері жалған аккаунттар жайлы

Kaspi акциялары тек ресми аккаунттар арқылы жүргізіледі. Бұл туралы қаржы институтының баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  
Instagram желісінде Kaspi атынан автомоиль тігілетіні туралы жарияланған аккаунт пайда болды. Банктегілер мұның аляқтық екенін мәлімдеді.  "Бұл - алаяқтық. Instagram желісінде Kaspi-дің жалғыз ресми аккаунт бар - бұл @kaspi.kz. Тек осы жерде біз жаңалықтарды, видеоларды, пайдалы кеңестер мен акциялар туралы жариялаймыз", - деді қаржы институтының баспасөз қызметіндегілер.  
Банк өкілдері азаматтарға тексерілмеген аккаунттардың ұтыс ойынына қатыспауға кеңес берді.  "Алаяқтардың қармағына түсіп қалмау үшін күмәнді парақшалардың ұтыс ойындарына қатыспаңыздар, консультация жасамаңыздар және өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді жібермеңіздер", - деп түйіндеді Kaspi bank өкілдері. 

ҚОҒАМ 08 қаңтар 2019 г. 527 0