Мадина Сәдуақасова 20 жыл бұрынғы суретін көрсетті

Жастық шағын еске алған Мадина Сәдуақасова желіге 20 жыл бұрынғы суретін жүктеді. Әнші "Жас қанат" байқауы кезіндегі фотосын Instagram парақшасында бөлісіп, оқырмандарының қызу талқысына түскен деп жазады NUR.KZ.

Желіде жас кезіндегі суретін көрсеткен әнші өзінің естелігінің астына арнайы жазба қалдырыпты.

"Алматыға Қызылордадан келген кішкентай еркетотай қыз, байқау кезінде бір ағаш тал егіп кеткен. Қазір ол кәдімгідей өсіп кеткен шығар. Қағазға арманыңды жазып, қасына көміп кетіңдер деген еді. Қандай арман жазғанымды есіме түсірмей тұрғанымды қараш" , - деп жазған Мадина.

Ал танымал әншінің 20 жыл бұрынғы суреті көрген желідегілер сан түрлі пікір қалдырған. Бірі әншінің табиғи сұлулығына тәнті болып жатса, енді бірі оның бет-әлпетін сынға алған.

"Сол қалпы сүйкімдісіз", "Табиғи көркіңізге тәнтімін. Әлі де әдемілігіңізді жоғалтпағансыз" , "Мында кәрілеу көрінеді екенсіз. Қазіргі бет-әлпетіңіз әлдеқайда жақсырақ" , "Түріңіз мүлде басқаша ғой ол кезде" , "Жас кезіңізде керісінше кәрі болып көрініпсіз" , - деп жазуда желі қолданушылары

ҚОҒАМ 09 қаңтар 2019 г. 360 0