ҰБТ: биыл қандай жаңалық бар?

Ағымдағы жылдың жаңалықтары:
* Орта мектептердің 11(12) сынып білім алушылары қатысады
* ҰБТ өткізу пункттерінде 11 (12) сынып оқушыларын өз бетімен тіркеу
* ЖОО-ға ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет өткізіледі: қаңтар; наурыз; маусым-шілде; тамыз
* Ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар үшін «Шет тілі» пәні бойынша ҰБТ-дан босату туралы норма енгізілді
* Грантты тағайындау конкурсына қатысу үшін бұрынғысынша маусым-шілде айларында ҰБТ тапсыру талап етіледі
* Білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша
(тізілімі ҰБТ өткізу Қағидаларымен анықталады)
ҰБТ өткізу мерзімдері
- ақылы бөлімге түсетін 11 (12) сынып оқушылары үшін;
- бірінші академиялық кезең аяқтағанға дейін ЖОО-ға қабылданған тұлғалар үшін;
- шығармашылық мамандықтан басқа мамандықтарға ауысатын студенттер үшін – Өтініштерді қабылдау мерзімдері -   1-15 желтоқсан, Тестілеу мерзімдері - 15-20 қаңтар
- ақылы бөлімге түсетін 11 (12) сынып оқушылары үшін Өтініштерді қабылдау мерзімдері 1-15 ақпан Тестілеу
мерзімдері 24-29 наурыз
- ағымдағы жылғы және өткен жылдардағы мектеп және колледж түлектері үшін Өтініштерді қабылдау мерзімдері 10 Наурыз – 10 мамыр тестілеу мерзімдері 20 маусым – 5 шілде
- шетелде білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін Өтініштерді қабылдау мерзімдері 10 мамыр – 5 маусым Тестілеу мерзімдері 20 маусым – 5 шілде
- ақылы бөлімге түсетін барлық тұлғалар үшін Өтініштерді қабылдау мерзімдері 25 шілде - 3 тамыз Тестілеу мерзімдері 17-20 тамыз
Қаңтар және наурыз айларында ҰБТ тапсыру:
- Маусым айында негізгі ҰБТ тапсыру және білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігінен айырмайды
- Бейіндік пәндердің комбинациясын өзгертуге мүмкіндік береді.Мысалы: қаңтар айында: Дүниежүзі тарихы-география; наурыз айында: математика-физика
- «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» демекші, негізгі (маусым) ҰБТ-ға дейін өз білімдерін қайта тексеру!
- Тестілеуді өткізудің шарттары мен белгіленген
ережелеріне бейімделуді қамтамасыз ету
- Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне таңдаулы
сертификатпен қабылдану
ЖОО-ға қабылдау: Түсушілер ЖОО-на қабылдану үшін ҰБТ нәтижесі бойынша бекітілген шекті балдарды жинауға тиіс.
ҰБТ-ға өтініш қабылдау (наурыз)
2019 жылдың 1-15 ақпан аралығында өтеді. Өтініштерді қабылдау және ҰБТ өткізу пункттері: 154  
11(12)-сынып оқушылары өтініш беру және тестілеуден өту үшін облыс ішінде жақын орналасқан ҰБТӨП-ті таңдай алады.

Өтінішті қабылдау кезінде тапсырылатын құжаттар (наурыз):
1) Нысан бойынша өтініш (ҰБТӨП-те беріледі);
Бұл ретте алдын ала өтінішті онлайн тіркеу арқылы беруге болады.
2) көлемі 3x4 сантиметр екі фотосурет;
3) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Бұл ретте он алты жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты
жоқ адамдар туу туралы куәліктің көшірмесін ұсынады.
4) Білім алатын орта білім беру ұйымынан анықтама (2 данада);
Бұл ретте бір данасы білім алушыда қалады.
5) Тестілеуге қатысу үшін төлем туралы түбіртек.
Бұл тестілеу ақылы негізде өткізіледі.

Тестілеу үшін төлем туралы
ҰБТ өткізу құны - 2242 тенге

Төлемді Қазақстан Республикасының
барлық екінші деңгейлі банктерінің
кассаларда жүргізуге болады

Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі»
АҚ-ның терминалдары арқылы төлем
рұқсат етіледі
«Кешенді тестілеу үшін» төлем тағайындау
Ұлттық тестілеу орталығының деректемелері
«Ұлттық тестілеу орталығы»
РМҚК ҚР БҒМ
010011 Астана қ., Жеңіс д., 60
БИН 000140001853
ИИК KZ536010111000001515
БИК HSBKKZKX КБЕ 16

Тестілеудің пәндері
3 міндетті пәндер:
• Қазақстан тарихы
• Математикалық
сауаттылық
• Оқу сауаттылығы
2 бейіндік пән (таңдау бойынша):
• Математика + Физика
• Математика + География
• Дүниежүзі тарихы+ География
• Биология + Химия
• Химия+Физика
• Биология + География
• Шет тілі + Дүние жүзі тарихы
• Қазақ/Орыс тілі+ Қазақ/Орыс әдебиеті
• География + Шет тілі
• Дүниежүзі тарихы+ Адам. Қоғам. Құқық

Тестілеуді тапсыру тілі:
Қазақ тілінде, Орыс тілінде, Ағылшын тілінде
Ескерту: Тестілеуді «ағылшын» тілінде тапсыруды таңдаған түсушілер «Қазақстан тарихын»қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде тапсырады!
Шығармашылық мамандықтарды таңдағандар үшін:
Шығармашылық мамандықтарды таңдағандар ҰБТ-да келесі пәндерді тапсыра алады:
- екі пән (оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы);
- бес пән (оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және таңдауы бойынша екі пән).
Ескерту: шығармашылық мамандықты таңдаған және ҰБТ-ны бес пән бойынша тапсыратындар жауап парағының «Шығармашылық емтихан» б-секторын боямайды!
Тестілеу уақыты: 3 сағат 50 минут

ҰБТ ТЕСТТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Міндетті үш пәннің әр пәні бойынша: 20 тапсырма -берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау
Бейіндік пәннің әр пәні бойынша: 20 тапсырма - берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау;
10 тапсырма - берілген бірнеше жауап нұсқасынан
бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау.

Жоғары балл: 140
Шекті балл: 50

ҰБТ-ға дайындық:
Онлайн байқау тестілеуі
1 тестілеудің құны – 260 теңге.
Төлем тәсілдері:
Касса 24 терминалдары
Веб-бағдарламадағы «Жеке кабинет»
Екінші деңгейдегі банктер

ҰБТ қатысушылары үшін ақпараттар мен интернет-ресурстар, ҰТО әлеуметтік желілерде:
https://vk.com/testcenterkz
https://www.youtube.com/channel/UCzmZObVJTezesGyIEKw6h-Q
https://www.facebook.com/testcenterkz /
https://instagram.com/testcenterkz


Нағима Нақыпбаева, 
РМҚК «Ұлттық тестілеу орталығы»
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі филиал басшысы
ҚОҒАМ 30 қаңтар 2019 г. 812 0