Гавайи штатында 100 жасқа толмағандарға темекі сатуға тыйым салынуы мүмкін

АҚШ-тағы Гавайи штатында жүз жастан кіші тұлғаларға темекі сатуға тыйым салу туралы заң жобасы қаралып жатыр. Бұл туралы дүйсенбіде CNN телеарнасы хабарлады.

Оның дерегі бойынша, бұл бастаманы республикашыл Ричард Криган көтерген. Заңнамада Гавайидің «темекіден тәуелділіктен зардап шегетіні» айтылған. Ал «мемлекет темекі бұйымдарын сатудан түскен салықтың арқасында үлкен көлемде ақша алып отыр».

«Темекі - адамзат тарихындағы қырғынға ұшырататын артефакт», - делінген заң жобасында.

CNN дерегі бойынша, тыйым 2024 жылы бірнеше кезең бойынша енгізілмекші. Темекіні сатуға рұқсат етілетін ең төменгі жас шамасы бірт-бірте өсіріледі. Бұл шектеулердің электрондық темекі мен сигараға қатысы жоқ, деп атап өтті телеарна.

Қазіргі таңда Гавайда 21 жасқа толмаған азаматтарға темекі сатуға тыйым салынған.


"Қазақпарат" агенттігі

 

ҚОҒАМ 05 ақпан 2019 г. 279 0