Облысқа бөлінетін су көлемін заңдастырған дұрыс

Қызылорда облысы – ежелден-ақ суармалы егіншілікпен айналысып келе жатқан облыс. Бұған кезіндегі мол сулы Сырдария өзенінің облыс орталығын басып өтетіні көп септігін ти­гіз­ген. Бұрынғы кездері суармалы жерлердегі не­гізгі дақылдар Қызыл­орданың тәт­ті қауындары, көкөністер, мала­зықтық шөптер болған. Кеңес үкіметі кезінде бұл аймақта басты дақыл болып күріш егіліп, бұл өңірде ол нағыз екінші отанын тапты. Суармалы жер көлемін 300 мың гектар жерге жеткізу өте құптарлық мәселе. Кешегі 1991 жылдарға дейін пайдаланылып келген 286 мың гектар суармалы алқаптарға егін егіліп, өнім алынып келді. Сол алқаптардың, сондағы каналдардың әлі іздері бар. Оларды қалыпқа келтіру қажет. Ал биіктеу жерлерде орналасқан алқаптарға насостармен су жеткізуге болады.

Суармалы алқаптар көлемі ұлғайғаннан кейін ең басты мәселе су жеткізу болады.

Сондықтан ең бірінші кезекте облысқа бөлінетін су көлемін заңдастырып алған дұрыс. Біз транс­­шекаралық Сырдария өзе­ні­нің төменгі ағысында орна­лас­қандықтан, өзеннің сулы­лығына, оның жоғары ағыста орналасқан мемлекеттердің ұста­нымына да қатты тәуелдіміз. Осы­ған орай, жос­парланып отырған су қоймалары құрылысын тездетіп бастаған жөн. Су мәселесі шешілсе басқа ойға алған жұмыстарды біз­дің азаматтар кезегімен орындап шығатынына кәміл сенуге болады.

Бегеш ЖАҚЫП,

сала ардагері.

ҚОҒАМ 07 наурыз 2019 г. 226 0