Погонды қыз

Өмірде көп нәрсе әйелдерге бай­ланысты екені белгілі. Ер елдің иесі болса, әйел үйдің киесі. Осынау көктем мерекесінде ер аза­маттардың жанына жалау бола біл­ген құрметтілерді қалай баға­ламасқа?!

Құқық қорғау саласына кел­геніне аз жыл болса да полиция аға лейтенанты Шәмшаттың әріптестері алдында абыройы озық. Әсіресе, балалар мен ата-ана­лар қауымы қайсар қызға ерекше алғыс айтады. Өйткені, қала­дағы №1 Қ.Мұхамеджанов атын­дағы мектеп-гимназияның инс­­пекторы Шәмшат балалар өмі­­ріне алаңдаумен таң атырып, кеш батыратын. Аталған кө­ше­мен 13 қоғамдық көлік өтеді әрі жеңіл көліктің қарасы тіпті мол. Қозғалысы көп, ор­талық базар жанында үлкен жолда орналасқандықтан жасөс­пірім­дердің  жолдан өтуі қауіпті екенін ескерсек, жаздың шыжыған ыстығы мен қыстың қақаған суы­ғында балалар қауіпсіздігіне мектеп инспекторы жұмысының қан­дай жауапты екенін көбіміз біле бермейміз.

– Құқық қорғау органында қызметті сержант болып бастадым. Кейін ювеналды поли­цияға ауысып келуіме қоғам ара­­­сындағы жасөспірімдердің құ­қық­­тары мен бостандығына қол сұғушылықтардың көптеп орын алуы себеп болды.  Көп ойландым. Балалар қауіпсіздігін қам­та­мамасыз етуге сәл де болса үлесімді қосуды өзімнің адам ретіндегі парызым деп білдім, – дейді Қызылорда ҚПБ  ЖПҚБ  ЮПб-нің учаскелік полиция инс­пекторы, аға лейтенант Шәмшат Шәкидуллақызы.

Мінезі қайсар, жүрегі жұмсақ ару бүгінде жұмысының жеңісі мен жемісін қатар көруде. Оның күнделікті жұмысы дәл осы кәмелетке толмаған жасөс­пірім­дермен тығыз байланыс­ты екенін жоғарыда айтып кеттік. Кейде жастарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түнгі рейдтерге шығады. Тәуліктің кез келген уақытында іске кірісіп, аянбай еңбек етіп келе жатқан Шамшат Шәкидуллақызы полиция саласында белгілі бір жетістікке жетіп, елге қызмет ету үшін ер болып туудың міндетті емес екендігін айтады. Еңбек жолы елеулі істерге толы погонды арудың көптеген құқық бұзушылықтың алдын алу мен балалар құқығын сақтауға қосқан үлесі зор екені айтпаса да түсінікті.


Ержан ҚОЖАСОВ.

ҚОҒАМ 07 наурыз 2019 г. 251 0