«Ақсуат» БПҰ мүшелері – қалалық конференцияға делегат

«Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалының  кезектен тыс өтетін конференциясына филиалға қарасты «Ақсуат» бастауыш партия ұйымынан 14 делегат сайланды. Бұл бүгін бастауыш ұйымның жиналысында  дауысқа салынып анықталды.
«Nur Otan» партиясының кезектен тысХІХ съезіне орай ұйымдастырлған бастауыш ұйым жиналысының күн тәртібіне екі мәселе ұсынылып қаралды. Онда бастауыш ұйым мүшелері алдымен партияның кезекті ХVIII съезінде Партия Төрағасының тікелей тапсырмасымен қабылданған "Халыққа көмек","Құтты мекен", "Бақытты отбасы", "Ауыл ел бесігі" атты жобалардың нәтижелі жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты талқылады.
 «Ақсуат» бастауыш партия ұйымы 13 партиялық топтан құралған. 215 партия мүшесі бар. Жиында бастауыш ұйым төрағасы, ауыл әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаев сөз алып, ауқымы кең жобалардың ауылдық округте  жүзеге асырылуын баяндады.
Бастауыш ұйым төрағасы, ауыл әкімінің айтуынша инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде ауылдың жаңадан қоныстанушы аудандарын ауыз сумен қамту мақсатында республикалық бюджеттен ауыз су желілеріне 245 млн теңге бөлінген. Бүгінгі таңда, «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда, ауылдық округте орналасқан 79 көшенің 9-ы түнгі жарықпен қамтамасыз етілген, тағы да 7 көшені жарықтандыру мақсатында жоба сметалық құжаттары әзірленген. Ауылдық округті табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар да біртіндеп қолға алынуда. Жиын барысында бастауыш ұйым төрағасы «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» жобалары шеңберіндегі жұмыстарды тілге тиек етіп, әлеуметтік саланың әлеуетін айтты.
- Биылғы жылдың өзінде жаңа форматтағышартсыз атаулы әлеуметтік  көмекті 21, шартты атаулы әлеуметтік көмекті  29 отбасы алса, 35 отбасы тұрғын үй жәрдемақысына ие болды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында елді мекенге жұмыс істеуге және тұруға келген 8 азаматқа көтерме жәрдемақы берілді, 17-сі тұрғын үй сатып алды. Мүмкіндігі шекетеулі жандар да үнемі назарымызда. Мәселен, ауылдық округімізде 86 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Олардың 37-сі жасөспірімдер.Қазіргі таңда, ауылдық әкімдіктің әлеуметтік қызметкерлері әлеуметтік көмек көрсетуді қажет ететін 6 балаға үйден тұрақты қызмет көрсетіп отыр, - деді бастауыш ұйым төрағасы, ауыл әкімі Мәмбетәлі Ақмырзаев.
Аталған жобалардың нәтижесі зор екенін жан-жақты талқылаған бастауыш ұйым өкілдері, күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес конференция делегаттарын сайлады.  
ҚОҒАМ 12 сәуір 2019 г. 300 0