Полиция департаментінің бастығы халықпен байланыс орнатуда

Полиция полковнигі Заппаров Арыстанғани Расылханұлы әлеуметтік желі арқылы Сыр өңірінің тұрғындарын ашық диалогқа шақырды. Қызылорда облысы Полиция департаментінің жаңадан тағайындалған бастығының жазбасы Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында орналастырылған.  
Арыстанғани Расылханұлы өз жазбасында «Бүгінгі күні қазақстандық полиция жұмысының басты бағыты – ашықтық пен қолжетімділік. Ол үшін қалың бұқара халықпен тығыз бірлікте жұмыс жасау маңызды. Ел сенімін шырақ қылған қоғамдық тәртіп сақшылары, өз міндеттерін сапалы орындауды басты мақсат деп біледі. Халықпен біте қайнасып қызмет ету әрбір маманның беделі мен мерейін өсірері анық» деп көрсетті.
Сонымен қатар, Департамент бастығы әлеуметтік желілердегі парақшалар арқылы барша әлеуметтің, кез-келген тұрғындардың ой-пікірін тыңдап, олардың түйткілді мәселеріне заң шеңберінде бағыт-бағдар беріп, жүйелі де, орнықты көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
ҚОҒАМ 04 мамыр 2019 г. 375 0