Науқанға дайындық нәтижесі

 Кеше «Аманат»  азаматтық платформасының облыстық штабы бір ай бойы атқарған жұмыс нәтижесі туралы мәлімдеді.

Айта кетелік, «Аманат» платформасының құрамындағы ҮЕҰ мен бизнес өкілдері, жастар ұйымдары, зейнеткерлер және белсенді азаматтар алдағы Президент сайлауының әділ де ашық өтуіне мониторинг жүргізеді.

Басқосуда атап ай­тылғандай, үстіміздегі жыл­дың 4 маусымына дейін аумақтық жә­не учаскелік сайлау ко­миссиясы  және Пре­зи­денттікке үміт­кер­­лердің сайлау шта­бы өкілдерімен 100-ден аса кездесу ұйым­дастырылып, сай­лау­ға дайындық барысына тексеру жүргізілген.

– Біздің жұмысымыз үміткерлердің үгітін жүргізу емес, сайлаудың өтуіне мониторинг жасау. Аймағымызда осы мақсатта 30 мобильді капитан оқудан өтіп, олар 379 тәуелсіз бақылаушы дайындады, – деді «Аманат» азаматтық плат­формасының облыстық штаб жетекшісі Анар Ізден.

Бүгінгі күнге дейін өңірімізде 490 898 сайлаушы тіркелген. 9530 18-ден асқан жас сайлауға алғаш рет қатыспақ. Олар үшін арнайы оқыту семинары ұйымдастырылған.


Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА.

ҚОҒАМ 06 маусым 2019 г. 176 0