Қызылорда облысы Полиция департаментінде нұсқаулық кеңес өтті

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен «Көкнәр-2019» жедел профилактикалық іс-шарасының ашылуы қарсаңында құқық қорғау және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп атқарылатын іс-шаралар кезінде туындайтын мәселелер бойынша нұсқаулық кеңес өтіп, онда Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Байгелді Байжан Исембекұлы төрағалық етті.  
Нұсқамалық кеңеске департаменттің басшы құрамы, Қызылорда облысының прокуратурасы, Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті, Экономикалық тергеу департаменті, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімі, Қазақстан Республикасы ҰҚК ШҚ 2019 әскери бөлімі, Қызылорда станциясындағы Желілік Полиция бөлімі, Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы, Жер қатынастары басқармасы, Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілдері және барлық аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары аудио-селекторлық режимде қатысты.
Кеңесте 1 маусым – 30 қазан аралығында Республика көлемінде өтетін кең ауқымды «Көкнәр-2019» жедел профилактикалық іс-шарасының ашылуы қарсаңында құқық қорғау және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп атқарылатын іс-шаралар кезінде туындайтын мәселелер жөнінде Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ерболат Тұрахметов баяндама жасады.
Мәселен, есірткі алқаптарын анықтау және жолын кесу бағытында тек ішкі істер органдарының күшімен ғана емес, басқа да құзырлы органдарды жұмылдырып, есірткі алқабы анықталған жер учаскесінің иесіне шара көруді, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған қожалықтың жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, аумақтағы ауылшаруашылық, Жжер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, су ресурстарын қорғау инспекцияларының қызметкерлері, қорықшы, жер телімдерін жалға алушылар құрамында есірткі бар өсімдіктер егіп, өсіру белгілері бар алқап анықталған жағдайда аудандардағы жергілікті Полиция бөлімдеріне хабардар етіп, ақпарат алмасу ұсынылды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
ҚОҒАМ 06 маусым 2019 г. 303 0